Қоғам • 28 Сәуір, 2025

Семейде 18 тұрғын үй пайдаға беріледі

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.

Семейде 18 тұрғын үй пайдаға беріледі

Қазіргі таңда аталған ықшам ауданда 9 қабатты 18 кредиттік тұрғын үй салынып жатыр. Оның он үшінің құрылысы былтыр басталған. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Ал қалған 5 үйдің құрылысы жазда аяқталады.

Биыл облыста жалдамалы тұрғын үйлерді сатып алуға республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұған 149 пәтерді сатып алу көзделген.

Облыс әкімі Қарағайлы ықшам ауданында салынып жатқан тұрғын үйлерді аралап, мердігерлерге құрылысты мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

«Семей қаласында 14 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Сондықтан тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыруымыз керек. Қарағайлыда салынып жатқан 18 үй мыңдаған отбасының баспаналы болуына мүмкіндік береді. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береміз», деді аймақ басшысы.

Абай облысы