Қоғам • 29 Сәуір, 2025

Қайырымдылық жарысы

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада инклюзивті қоғам құру идеясын қолдаушылардың басын қосқан «Run for Autism» қайырымдылық жарысы өтті. Биыл аталған іс-шараға 3 мыңнан аса адам қатысты.

Қайырымдылық жарысы

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев дәстүрге сәйкес игілікті іске арнайы қатысып, ашылу салтанатында сөз сөйледі. Ол бұл жарыс саламатты өмір салтын дәріптейтін және ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауды көз­дейтін маңызды қоғамдық бастамаға айналып келе жат­қанын айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инклюзияны дамыту мәселесіне үнемі баса мән беріп келеді. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында ерекше қажеттіліктері бар балаларды жан-жақты қолдауға арналған жаңа заң әзірлеуді тапсырды. Қазір осы бастама бойынша тиісті жұмыстар қолға алынды. Аталған заң шын мәнінде азаматтарға пайдалы болуы үшін сенаторлар қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен және сарапшылармен бірге бұл бағытта қандай басымдықтар­ға назар аудару керектігін жан-жақты талқылап, белсенді жұмыс жүргізіп келеді», деді М.Әшімбаев.

Сонымен қатар палата спикері жарысты ұйымдастырушы­лар­ға алғыс білдіріп, олардың он жылдан аса уақыт бойы инклю­зив­ті білім беру ісін дамыту үшін еселі еңбек етіп келе жатқанына назар аударды. Осындай табанды жұмыстың арқасында аутизмі бар жүздеген бала өз қатарластарымен бірге мектептер мен балабақшаларда оқуға мүмкіндік алғанын атап өткен жөн.