Қазақстан • 29 Сәуір, 2025

Астық экспорты артқан

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық астықты экспорттау көлемі ұлғайған, деп жазады Egemen.kz.

Астық экспорты артқан

Фото: Ашық дереккөз

Жаңа астық өнімінің экспорты 7,5 млн тоннаны құраған. (2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 2025 жылдың 27 сәуіріне дейінгі аралық). Аталған көрсеткіш – 2023/2024 жылдардағы сәйкес кезеңмен салыстыра қарағанда 56%-ға артық.

«Өзбекстанға экспорт 29,7%-ға артып, 2,0 млн тоннадан 2,7 млн тоннаға дейін, Тәжікстанға – 50%-ға, 718 мың тоннадан 1 076 мың тоннаға дейін, Ауғанстанға – 33,8%-ға, 201 мың тоннадан 269 мың тоннаға дейін, Қырғызстанға – 2 есеге, 88 мың тоннадан 178 мың тоннаға дейін өсті. Иранға экспорт көлемі 16 есеге өсіп, 54 мың тоннадан 871 мың тоннаға дейін, Әзербайжанға –111 есеге, 5 мың тоннадан 557 мың тоннаға дейін артқан», деп хабарланды Ауыл шаруашылығы министрлігінен.