Форум • Кеше

Маңызды мәселе талқыға түседі

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 29-30 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Астана халықаралық форумы (AIF) өтеді. Форум барысында сан түрлі саланың кәсіби мамандары мен сарапшылары ел және әлемдік аренадағы өзекті мәселелерді талқылайды.

Маңызды мәселе талқыға түседі

Сурет: invest.gov.kz

Биылғы форум 4 негізгі бағыт аясында жұмыс істейді: сыртқы саясат және халық­ара­лық қауіпсіздік, халы­қара­лық даму және тұрақ­тылық, энергетика және климаттың өзгеруі, экономика және қаржы. Аталған бағыттар шеңберінде жетекші әлемдік саясаткерлер, бизнес көшбасшылары және қоғам қайраткерлері пікірталас­қа қатысып, көз­қарасын жеткізеді.

Сонымен қатар көпполярлы әлемдегі орта державалардың саясаты, Орталық Азиядағы су қауіпсіздігі, жасанды интеллект дәуіріндегі интеллектуалдық қазына тақырыптары да талқыға өзек болмақ. Әрине, бұл орайда энергетикалық қауіпсіздік, климат өзгерісімен күрес, геосаяси ынтымақтастық, халықаралық сауда, технологиялық инновация, орнықты даму тақырыптары да назардан тыс қалмайды.

«Әлем бұрын-соңды болмаған жаһандық күрделілік дәуіріне қадам басты. Осындай кезеңде AIF 2025 алаңы – пікір мен нақты әрекеттің түйіскен жері. Бұл – поля­ризацияны еңсеріп, бірлес­кен дамудың ортақ жолын ай­қын­дайтын платформа. Біз саясат, бизнес және ғылым салала­рын­дағы ең озық ойлы әрі жаңашыл көшбасшылардың басын қосамыз.

AIF 2025-тің басты міндеті – көпжақты ынтымақтастықты қайта жаңғырту, түбегейлі диалог орнату және ең өзекті жаһан­дық мәселелерді шешуге бағыттал­ған нақты қадамдарды ұсыну», делінген ұйымдастырушылар мәлімдемесінде.