Фото: fotobus
Бұл шара жолаушылар ағынын азайту және қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып отыр. Нәтижесінде кей бағыттарда автобустардың келу аралығы қысқарып, тұрғындар үшін күту уақыты азаяды.
Қалалық маршруттар бойынша қосылған автобустар:
№63 – +3 автобус
№67 – +5 автобус
№74 – +5 автобус
№76 – +3 автобус
№82 – +5 автобус
№83 – +2 автобус
Экспресс бағыттар бойынша:
№501-503 және №505-508 аралығындағы маршруттарға әрқайсысына қосымша +2 автобус шығарылды.
Мамандардың айтуынша, енгізілген өзгерістер қала ішіндегі жолаушылар тасымалын тұрақтандырып, әсіресе таңертеңгі және кешкі қарбалас уақытта кептелісті азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, енді бірқатар бағытта автобус күту уақыты едәуір қысқарады деп күтіледі.