
фото: ашық дереккөз
Ол үшін ең алдымен тұрғылықты жері бойынша «Мансап» орталығына, ал ауылдық жерде әкімшілікке жүгінуі керек.
–Қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға жұмыс берушілерден қазір 16 өтінім түсті, – дейді Көкшетау қалалық «Мансап» орталығының маманы Диана Ерниязова, – оның оны жұмыс берушілердің сұрауы бойынша.
Жалпы бұл жұмыссыздықты жоюға кәдімгідей әсер ететін шарапатты шара. Ең бастысы, жұмыссыздардың бойында мен жұмыс істеймін деген ынта болуы керек. Қысқа мерзімдік кәсіби оқытудан өткен жұмыссызға білім алғаны туралы сертификат беріледі. Сондай-ақ, жұмыс берушілердің өтініміне сәйкес тұрақты жұмысқа орналастырылады. Игілікті істің нәтижесінде екі қолға бір күрек табылайын деп тұр.
Көкшетау