Өшпес даңқ • 05 Мамыр, 2025

Астанадағы мерекелік әскери шерудің тікелей көрсетілімі

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау шаралары күшейтіледі. Оған екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери іс-қимылдардың ардагерлері, ҚР Қарулы Күштерінің үздік бөлімшелері, құрмет қарауыл роталары, ҚР Қарулы Күштерінің, өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының және т.б. ардагерлері шақырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанадағы мерекелік әскери шерудің тікелей көрсетілімі

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордада 7 мамырда концерттер мен әскери шерудің тікелей эфирі сағат 11:00-ден бастап үлкен LED экрандарда көрсетіледі. Айта кеткен жөн, шеру бірден бірнеше орында көрсетіледі.

«1. Елорда әкімдігі ғимаратының жанындағы қалалық алаңда (тікелей эфир және мерекелік концерт);

  1. «Астана Арена» стадионының аумағында (тікелей эфир және мерекелік концерт);
  2. «Astana Music Hall» автотұрақ аумағы (Құмыра) Б.Момышұлы даңғылы, 1 (тек тікелей трансляция)», деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен бірге, аталған ауқымды іс-шара республикалық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетіледі.

Сол орайда шеру өтетін ауданда көлік қозғалысы шектелетіндіктен, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау және өзгерістерді ескеру және Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтау сұралып отыр.

«Көрсетілген учаскелерден өту және жол жүру барлық іс-шара аяқталғаннан кейін қайта жанданады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше