Қоғам • Кеше

Әрбір екінші азамат сыйлықты онлайн сатып алады

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазір көпшілік таңдаған тауарына онлайн тапсырыс беруге әбден дағдыланды. Бұл әрі тиімді, әрі кейде арзанға да шығып жатады. «Ozon Қазақстан» жүргізген зерттеуге сәйкес аза­маттардың 50%-дан астамы әсіресе сыйлықтарды интернет арқылы сатып алуды жөн көреді екен.

Әрбір екінші азамат сыйлықты онлайн сатып алады

Сурет: zaholovok.com.ua

Әрине, онлайн тапсырыс беру кезінде тұтынушылар маркетплейстер көмегіне жүгінеді. Өйткені олардың ассортименті кең, бағалары тартымды және қажетті өнімді тез табуға болады. Ozon.kz статистикасы бойынша 2024 жылы бір пайдаланушыға келетін тапсырыс жиілігі 2023 жыл­мен салыстырғанда 56%-ға өскен.

«Ел тұрғындары онлайн-шо­пингті тиімді пайдаланады: сауал­нама нәтижелеріне сәйкес сатып алу­шылардың көбі (43,9%) та­уарларды таңдау кезінде әртүрлі алаңдағы ұсыныстарды салыс­тыра отырып, сапа мен баға арақатынасын басшылыққа алады. Респонденттердің үштен бірі (32,3%) «Таңдаулыларға» немесе «Себетке» қосылған тауарларға жеңілдіктер болуын қадағалап отыратынын растады. Сондай-ақ әрбір үшінші (30,9%) азамат сау­даны ақша (жалақы, сыйақы) түскенге дейін кейінге қалдырады. Респонденттердің сондай бөлігі (шамамен 30,5%) сауда жасамас бұрын тауарды сатып алу қажеттілігін бағалап, өзіне «ойлануға уақыт» береді. Ең аз таны­малы (14,9%) «көрдім – сатып алдым» эмоцио­налды сценарийі болды, бұл тұтынушылардың шопингке деген саналы әрі ұтымды көз­қарасын дәлелдейді», деп мәлімдейді.

Тұрғындар мерекеге дайындық кезінде маркетплейстерді жиірек таңдайтын көрінеді. Респон­дент­тер­дің 54,8%-ы мерекелік сыйлық пен тауарларға интернет арқылы тап­сырыс беруді таңдаса, 39,4%-ы ғана дәстүрлі дүкендерді қолай көр­ген.

«Бұл үрдіс түрлі тауар санаттарында байқалады. Мәселен, респонденттердің 49%-ы – косметика мен парфюмерия сатып алу үшін, 46,5%-ы – үй тауарлары үшін, 42,1%-ы – балаларға арналған тауарлар үшін, 48,1%-ы аксессуар мен хобби және шығар­машылық тауарлары үшін онлайн-шопингті таңдайды. Бұл рет­те әрбір үшінші тұрғын (33%) маркетплейсте бір тапсырысқа 10 000-нан 30 000 теңгеге дейін ақша жұмсайды. Азаматтардың сыйлықты белсенді сатып алатын ең танымал себептері –  туған күн (39,5%), жаңа жыл (34,4%) және әйелдер мерекесі (25%)», дейді «Ozon Қазақстан».