
Сапардың басты мақсаты — отандық сот жүйесі мамандарының кәсіби дамуын қамтамасыз ету және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайту.
Ресми делегация құрамында Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров та болды. Кездесулер барысында судьялар корпусы үшін арнайы тағылымдама бағдарламаларын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Дарем университеті және халықаралық Advocacy & Advisory International орталығының басшылығымен өткен келіссөздер нәтижесінде қазақстандық судьялар үшін «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелдік тағылымдамалардан өту мүмкіндігі қарастырылды. Тиісті меморандумдарға қол қойылды.
Сонымен қатар, Жоғарғы Сот Төрағасы ADR-ODR International ұйымының негізін қалаушы Рахим Чамджимен жүздесіп, цифрлық дауларды шешу және онлайн медиация саласындағы озық тәжірибелерді талқылады. Бұл әдістерді қазақстандық судьяларды даярлау және қайта оқыту жүйесіне енгізу жайы кеңінен сөз болды.
University of Law университетінде өткен келіссөздер аясында тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы уағдаласты.
Кәсіби білім берудің маңыздылығын атап өткен Асламбек Мерғалиев Қазақстан сот жүйесінің стратегиялық міндеті – жаһандық құқықтық кеңістікке интеграциялау арқылы кадрлық әлеуетті дамыту екенін айтты.