
Халық ақыны Маясар Жапақов (1889–1965) жастайынан өлең шығарып, домбырамен ән салған. Ол Қарағанды кеншілерінің өмірі мен еңбегін жырлаған ақын ретінде танылды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде «Атыңнан атам қазақ айналайын» деген патриоттық толғауы қазақ жауынгерлері арасына кең тарады. 1943 жылы Болман, Нұрлыбек ақындармен, 1961 жылы республикалық ақындар айтысында Көшен, Қайып, т.б. ақындармен өнер сайыстырған.
«Төкпе ақын Маясардың домбырасын 1985 жылы ақынның баласы Әбдіқұл Маясарұлы музей қорына өткізген.
Домбыра екі ішекті, қайыңнан жасалған. Мойын ұзындығы – 48 см, шанағы – 32 см.
Маясар Жапақовтан кезінде Шортанбайдың «Қаракесек», «Ағыбай батыр» дастандары мен өлеңдері, сондай-ақ «Шөже мен Кемпірбайдың айтысы», «Шал мен қасқырдың айтысы» атты ауыз әдебиетінің үлгілері жазылып алынды. Ыбырай, Мәди, Мұхит тәрізді әнші, ақындарды ұстаз тұтқан», – дейді музейдегі қор сақтаушы Ақнұр Рысбекова.
Ұлытау облысы