Аймақтар • Бүгін, 12:02

Алматының индустриалды аймағында үш бірдей жаңа зауыт іске қосылды

40 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Биыл Алматыда жалпы құны 135,5 млрд теңге болатын 11 жобаны іске қосу жоспарланған еді. 2 662 адамды жұмыспен қамтитын жобалардың ішінде алты ірі кәсіпорын, соның ішінде жеңіл автомобиль, биологиялық жем, шыны ыдыс, арматуралық торлар мен резеңке бұйымдар шығаратын зауыттарға қоса, қаланың өндірістік секторының одан әрі дамуына ықпал ететін бес шағын өнеркәсіптік өндіріс бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматының индустриалды аймағында үш бірдей жаңа зауыт іске қосылды

Сонымен дәл осы күндері Алматының индустриалды аймағында үш бірдей жаңа зауыт пайдалануға берілгендіктен, айтулы оқиғаға орай осы аптада БАҚ өкілдері жұмысы қыза бастаған жаңа өндіріс орындарына барып, радиатор, кабель, косметикалық өнімдер шығаратын компаниялардың қызметімен танысты.

«Valtherm» ЖШС алюминий және биметалл жылыту радиаторларын шығаратын зауытқа салынған инвестиция көлемі 10 млрд теңгеден асады. Бүгінгі таңда зауытта бес құю машинасы орнатылған, күн сайын 10 мыңға дейін радиатор бөліктері шығарылады. Алдағы уақытта компания құю машиналарының санын 12-ге дейін жеткізіп, өндіріс көлемін жылына 15 миллион секцияға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Кәсіпорында автомобильге ұқсас анафорезді бояу технологиясы қолданылады, ол берік әрі тот басудан қорғайды. Және бұл технология радиаторлардың сыртқы түрі мен қасиеттерін 20 жыл бойы сақтауға мүмкіндік береді.

зауыт

Сол сияқты 2024 жылғы желтоқсанда индустриялық аймақта Кабельдік-өткізгіш өнімдерін шығаруға маманданған «Harmony Cable» ЖШС кәсіпорны жұмысын бастады. Жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 2 млрд теңге. Өндірісті іске қосу нәтижесінде 50 жұмыс орны құрылды. Қуаттылық айына 100 тоннаға дейін мыс өңдеуге және жылына 8 млрд теңгеден астам сомаға 21 600 млн метрге дейін кабель мен сым шығаруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда кәсіпорын қазақстандық құрылыс компанияларымен және электр тауарларын жеткізетін бөлшек сауда орындарымен белсенді жұмыс істейді. Өнімнің негізгі көлемі ел ішінде сатылады, алайда компания Қырғызстан мен Тәжікстанға экспортқа шығып, Еуропа елдеріне жеткізілімдерді кеңейтуді жоспарлап отыр.

«Біз Балқаштан сатып алынатын қазақстандық мыстан кабель шығарамыз. Қайта өңдеу көлемі жылына 1200 тоннаға жетеді. Қазір біз катанкадан  сым өндіру желісін іске қосып, кабельдерге арналған пластикат – оқшаулағыш материал өндіру қуатын кеңейтіп жатырмыз», деді «Harmony Cable» ЖШС коммерциялық директоры Мәди Мұханұлы.

Бүгінде Қазақстан мысы көбінесе Түркияға, сол жерден Еуропаға экспортталады. Компанияның мақсаты-аралық тізбектерді айналып өтіп, еуропалық нарыққа шығу.

зауыт

Косметикалық өнімдер мен тұрмыстық химия өндірісіне маманданған «Telli Ondiris» ЖШС зауыты 2024 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істейді. Жобаның құны 3 млрд теңгені құрады, оның 465 млн теңгесі — «Алматы қаржы» ЖШС кредиттік қаржыландыру. Кәсіпорын аумағында өндірістік және қойма үй-жайлары, сондай-ақ аккредиттелген зертхана орналасқан.

Косметикалық өндірісте 49 жұмыс орны құрылды. Қуаттылығы жылына 30 млн бірлікке дейін косметика шығаруға мүмкіндік береді. Жұмыстың алғашқы 10 айында 380 мыңнан астам бірлік шығарылды, оның ішінде сусабындар, кондиционер бальзамдары, душқа арналған гельдер, сұйық сабындар, лосьондар, тониктер және мицеллярлық су. Өнімдер өз брендтерімен (Asiya, Telli, Asia Professional), сондай-ақ ірі қазақстандық сатушылар үшін келісімшарт бойынша өндіріледі. Зауыт жаңа экспорттық нарықтарға шығуға мүмкіндік беретін GMP стандартының фармацевтикалық талаптарына сәйкес салынған.

«Біз келісімшарттық өндіріс ретінде – өнімдерімізді клиенттің өз брендімен шығарамыз. Оған қоса өз брендтерімізді дамытамыз, олардың құрамында 95% табиғи компонент бар. Біз жергілікті шөптерді қолданамыз, сығындыларды өз экстракторымызда дайындаймыз және жақын арада авторлық шикізатқа патенттерді рәсімдеуді жоспарлап отырмыз»,  дейді «Telli Ondiris» ЖШС директорының орынбасары Жанна Баймағамбетова.

Баспасөз туры барысында Алматының индустриялық аймағы Республикалық маңызы бар жетекші өндірістік алаңдардың бірі болып табылатыны атап өтілді. Оның аумағында жалпы сомасы 142,1 млрд. теңгеге 41 жоба іске қосылып, 4 430 жұмыс орны құрылды. Іске асыру сатысында 411,2 млрд. теңге сомасына 66 жоба бар, онда 7 453 жұмыс орны құрылады.

Алматы

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25