Үкімет • Бүгін, 17:23

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен өткізген кездесуде экономиканы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Экономистер әлем нарығындағы қазіргі ахуал туралы сараптамалық пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ ұлттық экономикаға әсер ететін үрдістерді атап өтіп, экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша алдағы жұмыстарға қатысты бірқатар ұсыныс білдірді.

Инвестиция, сауда және өңдеу өнеркәсібі салаларына назар аударылды. Сонымен қатар Үкіметтің тиімділікке баса назар аудара отырып, басымдық берілмеген шығыстарды оңтайландыру және қаражатты маңызды бағыттарға қайта бөлу жөніндегі қызметі қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.