
Фото: gov.kz
Келіссөздер шеңберінде тараптар техникалық реттеу, стандарттау, сәйкестікті бағалау және метрология саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін талқылады. Сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде саудадағы техникалық кедергілер және санитариялық-фитосанитариялық шаралар, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мәселелері жөніндегі ақпараттық орталықтың жұмыс істеуіне ерекше назар аударылды.
Талқылау стандарттау саласындағы, оның ішінде ұлттық стандарттарды халықаралық және өңірлік нормативтермен үйлестіру контекстіндегі өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларын да қамтыды. Тараптар техникалық реттеу саласындағы қолданыстағы заңнама туралы ақпарат алмасты. Осы саладағы құқықтық қамтамасыз етудің өзекті тәсілдерін талқылады және реттеуші тәжірибелерді одан әрі жақындастыруға мүдделі екенін жеткізді.
Кездесу нәтижесінде «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» РМК мен «Өзбек ғылыми сынақтар және сапаны бақылау орталығы» мемлекеттік мекемесі арасындағы сәйкестікті бағалау саласындағы 2025-2026 жылдарға арналған екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі қызметті іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Құжат екі тараптың практикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге, білім алмасуға және халықаралық стандарттарға сәйкес өнімдер мен қызметтердің сапасын арттыруды көздейді.