
ЕАЭО елдеріндегі, оның ішінде Қазақстандағы фармацевтикалық компаниялар жаңа препараттарды бұрынғы қағидалар бойынша тіркеуді ЕАЭО-ның бірыңғай талаптарына көшпей-ақ тағы шамамен үш жылға дейін жалғастыра алады.
Бұл шешім бұрын тіркелген дәрілік заттарға енгізілетін өзгерістерге де қатысты: олар да бұрынғы тәртіппен енгізіле береді.
Бұл денсаулық сақтау жүйесінде дәрі-дәрмек тапшылығы, жеткізілімнің үзілуі сияқты қауіптердің алдын алу үшін қажет. Мерзімді ұзарту халықты қажетті препараттармен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өзгерістер 2022 жылғы 10 маусымдағы ЕЭК Кеңесінің №96 шешіміне енгізілді. Шешім 24 мамырда күшіне енеді және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.