
Фото: pixabay
Тергеу барысында анықталғандай, 2018 жылы жауапкер мен фермер арасында еңбек шарты жасалған. Жауапкер 2024 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта жасырын түрде 184 қой, 17 сиыр, 10 бұзауды базарда сатып, жәбірленушіге жалпы 14,5 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Малшы барлық ақшаны құмар ойындарға салып ұтылған.
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдіріп, жәбірленушіге келтірілген залалды толығымен өтегенін айтқан, ал оның сөзін жәбірленуші растап, соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.
«Сот сотталушының өз кінәсін мойындағанын, өкінетінін және кәмелетке толмаған балаларының бар екенін ескеріп, үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Сонымен қатар оған жыл сайын 100 сағаттық жұмысты орындау міндеттелді», делінген сот құжатында.
Үкім заңды күшіне енді.