Бокс • Кеше

Азия додасының алғашқы алтыны

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U22 Азия чемпионаты финалында 54 келіде Элина Базарова қоржынға  алғашқы алтын медальді салды, деп жазады Egemen.kz.

Азия додасының  алғашқы алтыны

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Шешуші сында вьетнамдық Тхи Май Чукпен кездесіп, алғашқы раундтан-ақ жеңіске деген жігерін көрсеткен отандасымызға төрешілер бірауыздан жеңісті берді.

Сонымен қатар, Шри-Ланкадағы бокс кешінде тағы 8 қазақ боксшысы алтын жүлдегер атанды.

Айта кетелік, Элина Базарова 2024 жылы Астанадағы U22 Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді.