Білім • 28 Мамыр, 2025

Алматыда ұстазын балағаттаған оқушы мектептен шығарылды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде орын алған резонанстық жағдайға байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Ануар Жанғозин оқушымен, оның ата-анасымен және педагогикалық ұжыммен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда ұстазын балағаттаған оқушы мектептен шығарылды

Талқылауға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Нәтижесінде оқушы мемлекеттік жалпы білім беру мектебіне ауыстырылды. Ата-аналар бұл шешімге қарсылық білдірмеді.

«НЗМ әрдайым оқушыларға адалдық таныта отырып, өзара құрмет пен сындарлы қарым-қатынас ұстанымдарын ұстанады, алайда ұстаздарға деген құрмет мәселесінде қатаң позицияны сақтайды», деді Ануар Жанғозин.

Оқу-ағарту министрінің тапсырмасымен Алматыға Бала құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы да барды. Министрлік өкілдерінің, өңірлік уәкіл мен жұртшылықтың қатысуымен өткен көшпелі кездесулер барысында жағдай жан-жақты талданып, оны шешудің жолдары қарастырылды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салды. Мұғалімді құрметтеу мен қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың бұлжымас басымдықтары болып қала береді.

Еске сала кетейік, Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы  тоқсандық қорытынды бақылау кезінде академиялық адалдық ережесін бұзып, ұялы телефон қолданған. Ал ескерту жасаған мұғалімді балағаттаған. Нәтижесінде оқушы мектептен шығарылып, жалпы білім беру мектебіне ауыстырылған.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше