
Кеше күндіз Риддер қаласында қар жауды. Жергілікті тұрғындар жауған қардың видеосын әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр. «Қазгидромет» мәліметінше, бүгін түнде аймақтың шығысы мен солтүстігінде жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын жауады.
«Ертең, 29 мамыр күні, облыстың шығыс бөлігінде жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +1°-тан +6°-қа дейін, шығыс пен солтүстікте -2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін», деп нақтылады «Қазгидромет» өкілдері.
Кеше Марқакөл ауданында ауа температурасы - 6 градусқа дейін төмендеген. Алдағы түнде минустық температура Риддер, Катонқарағай, Глубокое аудандарында және Марқакөлде күтіледі.
«Күндіз ауа температурасы +15…+20° шамасында көтеріледі, алайда облыстың шығысында +10°-тан жоғары болмайды. Өскеменде жауын-шашын болмайды, аспанды бұлт басып, ауа температурасы +17°-қа дейін көтеріледі», дейді синоптиктер.