Ауа райы • 30 Мамыр, 2025

Қазақстанда аптап ыстық болады

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылғы 31 мамыр мен 2 маусым аралығына арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда аптап ыстық болады

Фото: freepik.com

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

«1 маусым күні күндіз оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда, 2 маусымда батыста және оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі. Батыс пен солтүстік-батыста аптап ыстықтың беті қайтады. Ал қалған өңірлерде ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, орталық пен оңтүстікте күндіз 35-40 градусқа дейін аптап ыстық болады», деп хабарлады «Қазгидромет».

Соңғы жаңалықтар

Терезеден төнген ажал

Төтенше жағдай • Бүгін, 23:09

Әкімнің үйін үптеп кетті

Қоғам • Бүгін, 22:26

Есірткі сатамын деп есі кеткен

Есірткі • Бүгін, 21:59

Бурабайдың баукеспелері

Қылмыс • Бүгін, 21:24

Болмаған алаяқтық

Қоғам • Бүгін, 20:53