
Сурет: unrcca.unmissions.org
Мұның бір мысалы Қырғыз елі мен Тәжікстан шекара мәселесін бейбіт келісіп, өзара шешті. Бұл келісімге көрші елдермен қатар халықаралық ұйымдар да өз үлесін қосты. Десек те, екі президент саяси шешім қабылдады. Осыған қарап, саяси жақсы динамиканы көруге болады. Осы игі іс өзге елдің басшыларына да үлгі болса жақсы. Әйткенмен, қазір әлемде бір-біріне деген сенім тым азайып кетті. Сенімділіктің жоқтығы көп мәселені туындатады.
Мұндағы елдер бір-біріне бауырлас, туыс. Сол себепті аймақтағы тұрақтылық маңызды мәселе екені мәлім. Кез келген сын-қатерді ынтымақтастықпен жеңуге болады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Орталық Азия елдерінің қарым-қатынасының әлі де жақсарып, нығая беретініне сенімді. Өйткені өңірде туыстас, салты мен дәстүрі, тілі мен тілегі жақын елдер өмір сүріп отыр. Сол татулықты нығайтуға үлкен үлесін қосып отырған Астана халықаралық форумын өткізіп отырған Қазақстанға алғысымыз шексіз.
Каха Имнадзе,
БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі және БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығының басшысы