Ғалам ғажаптары • 03 Маусым, 2025

Отыз алтыдағы оқушы

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі «Гарри Поттер» фильміндегі Плакса Миртлдің бейнесін көр­генде жұрт оны жасөспірім қыз деп ойлады. Алайда бұл кейіпкерді сомдаған шотланд актрисасы Ширли Хендерсон түсірілім кезінде 36 жаста болған.

Отыз алтыдағы оқушы

Иә, таңғалмасқа шараң жоқ. Ширлидің шеберлігі сондай, ол 13 жастағы оқушы қыздың бейнесін соншалық сенімді алып шыққан, тіпті көрермендер «оның жасы үлкен болуы мүмкін-ау» деп те ойламайды. Расымен, таланттың аты талант қой. Бәлкім, бұл талай жылғы еңбектің нәтижесі шығар. Өйткені Ширли 11 жасында сахнаға шығып, актерлік жолын ерте бастаған. Кейін Лондондағы беделді драмалық академияда оқып, түрлі фильм мен театр қойылымдарына қатысқан. Осылайша, ол тәжірибесін шыңдай келіп, «Гарри Поттер» фильмінде басты рөлдің бірін сомдады. Содан бастап дара дарын кино әлемінің жарық жұлдызына айналды.