Мереке • 03 Маусым, 2025

Ерекше мереке

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында және жазғы демалыс­тың басталуына орай, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті қала сыртындағы лагерьлердің бірінде балаларға арналған ерекше мереке өткізді. Бұл іс-шара жас қатысушылар үшін ұмытылмас сыйға айналып, шаттық пен қауіпсіздік, мейірімді көңіл күйге толы атмосферада өтті.

Ерекше мереке

Суретті түсірген – автор

Таң балалар үшін көңіл­ді бас­талды. Жылдам қимыл­дайтын арнайы жасақ (ЖҚАЖ) қыз­мет­кер­лері әсерлі көрсе­тілім ұйым­дасты­рып, қызметтік иттермен жұ­мыс істеу дағдыларын, арнайы дайын­дық элементтері мен қылмыс­кер­­лер­ді ұстау тәсілдерін көрсет­ті. Бала­­лар­­ға полиция автокөліктері мен тәр­тіп сақ­шыларының арнайы жабдық­тарымен жақын танысу ерек­ше қызық болды.

Көрсетілімнен кейін балаларға тәтті сыйлықтар табысталды. Кейін олар полиция қызметкерлерінің сүйе­мелдеуімен лагерьге қызықты сапарға аттанды. Лагерьге келгенде оларды тәлімгерлер мен қызметкерлер жылы жүзбен қарсы алып, лагерь аумағымен таныстырып, эстафеталар, спорттық ойындар мен шығармашылық бай­қаулар ұйымдастырды.

Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі Полиция департаментінің бас­тығы генерал-майор Ерлан Омар­бе­ковтің келуі болды. Нағыз генералмен жүздесу балаларға үлкен әсер қал­дырды. Олар құрметпен қарсы алып, сұрақтар қойып, бірге суретке түсті.

– Бүгінгі күн біздің ең қымбат, ең сүйікті кішкентай азаматтарымыз­ға арналады. Әрбір бала өзін қауіп­сіз сезініп, жанында әрдайым қол­дау мен қамқорлық көрсететін ере­сектер бар екенін білсе екен дей­міз. Бұл – бәрімізге ортақ міндет, – деді Ерлан Омарбеков балалармен әңгімесінде.

Мереке жарқын күлкімен, шаттық­қа толы сәттермен және алғысқа толы жүрек­жарды тілектермен аяқтал­ды. Бұл күн балалар үшін тек қызық­ты оқиға ғана емес, ересектер тарапынан көрсетілген қамқорлық пен мейі­рімнің, қолдаудың маңыздылығын еске салған мәні зор іс-шара болды. Мұн­дай іс-шаралар жай ғана демалыс емес, әрбір баланың өз өмірінің қауіпсіз екеніне сенімді болып, өзін қажет әрі сүйікті сезіну үшін жасалған жарқын әрі игілікті қадам.

 

Шығыс Қазақстан облысы