
Фото: polisia.kz
Күдікті 2023 жылы Алматы қаласында жеке мектеп ашып, жоғары оқу орындарына түсу үшін ақылы дайындық курстарын ұсыну арқылы 10 азаматты алдап соққан. Оның азаматтарға келтірген жалпы шығыны 10,5 млн теңгені құраған.
ІІМ алаяқтар оқыту курстарын жарнамалауда төмен баға, эксклюзив оқыту әдістері мен үздік оқытушылар құрамын ұсынатынын еске салады.
Алаяқтық курстардың негізгі белгілері лицензия мен ресми тіркеуі болмайды. Оқытушылар мен бағдарлама туралы ашық ақпаратты ұсынбайды. Ешқандай келісімшартсыз толық төлем төлеуді талап етеді. Тәуелсіз платформаларда ұсыным мен пікірлері кездеспейді.