Пікір • 04 Маусым, 2025

Бизнес бастаймын десеңіз...

110 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қоғамдық тамақтану саласы – ауыр бизнес. Мұнда бәсеке жоғары, кадр тапшы және ұдайы қысым бар. Салаға аяқ баспас бұрын өзіңізге «мен 24/7 жұмыс істей аламын ба?», «осы сала­ға, адамдарға деген махаббат менде бар ма?» деген сұрақ қою қажет. Себебі мұнда бәрі де адам арқылы іске асады – тұты­ну­шылар, команда, серіктестер, яғни күн сайын адами фактормен ұшырасып отырасыз.

Тағы бір маңызды сауал – «клиент неліктен сені таңдауы керек?» Елден асқан нендей ерекшелігің бар? Бұған нақты жауап бере алмасаңыз, асықпаған абзал.

Қоғамдық тамақтану нарығына кірген кәсіпкерлер көп жағдайда маркетингке мән бермей, үлкен қателікке ұрынып жатады. Біз әдетте жөндеуге, құрылғыға, жиһазға ақша табамыз, бірақ маркетингке көңіл бөлмейміз. Не ақша артылмайды, не оны соншалықты маңызды деп санамаймыз. Көбі «есікті ашып қойсам болды, адамдар ағылып келе бастайды» деп ойлайды. Бұл – үлкен қателік.

Қазір елімізде дәмхана, мейрамхана ашу ісі біршама жеңілдеді. Көршілес елдермен салыстырғанда біздегі жағдай әлдеқайда жайлы. Ережелер ашық әрі түсінікті, реттеуші органдар жағдайға түсіністікпен қарайды. Ең бастысы, заң аясында жұмыс істеп, бекітілген талап пен тәртіпті сақтасаң болғаны. Оның үстіне, көптеген процедура қазір онлайн-форматта қолжетімді.

Сөз басында салада маман тапшы дегенді айтып өттік. Ол рас. Қазір аспазды да, дая­шыны да, менеджерді де табу оңай емес. Мұны мейрамхана бизнесіндегі күрделі проблема десек те болады. Көбі жақсы жалақы, тиімді шарттарды іздеп, бір мейрамханадан екіншісіне жиі ауысып жатады. Шын мәніндегі кәсіби, құнды кадрға жұмыс берушілер тым зәру. Не істеу керек? Ол үшін компания ішінде корпоративтік мәдениетті қалыптастыру өте маңызды. Қызметкерге тек жалақы беру аздық етеді, оған құрмет таныту, оны дамыту және жайлы көңіл күй сыйлау да – уақыт талабы.

Мейрамхана ашу үшін бірқатар құжат талап етіледі. Солардың негізгілері мыналар:

  • ЖШС немесе ЖК тіркеу куәлігі, ҚҚС-ға есепке қою;
  • Ғимаратты жалға алу шарты немесе меншік құқығын растайтын құжаттар;
  • СЭС қорытындысы (немесе тиісті хабарлама), алкоголь өнімін сатуға арналған лицензия, WIPON жүйесінде тіркелу;
  • Еңбек шарттары, қызметкерлерге арналған сақтандыру, санитарлық кітап­шалар, еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіз­дігіне жауапты тұлғаларды тағайындау тура­лы бұйрықтар;
  • Жабдықтарға арналған сертификаттар (таразы, өлшеуіш, гигрометр), эвакуа­ция жоспары, өрт дабылы, желдету, дезинсекция қызметтері бойынша жоспар;
  • Мекеме атауын көрсететін сыртқы жарнама жобасы, тактильдік белгілер, мнемосхемалар, екі тілде дайындалған мәзір және қызмет көрсетуге қосылатын пайыздық мөлшерлеме туралы ақпарат;
  • Өнімдердің сапа сертификаттары, жеткізушілермен және коммуналдық қыз­меттермен жасалған шарттар;
  • Өндірістік бақылау шарты және сани­та­рлық журналдар, соның ішінде барлық хаттама (су, шу, жарықтандыру, т.б.) ;

Толық тізім сала құлаш. Бір нәрсені түсіну керек, құжат – сіздің қорғаушыңыз. Ол нысанның адал, қауіпсіз және барлық мемлекеттік талаптарға сай жұмыс істеп тұрғанын айғақтайды.

Қайталап өтейік, мейрамхана ашу – тек дәмді тағамдар мен әдемі интерьер емес. «Сахнаның» сыртында құжат үшін, кадр үшін, сапа үшін жүгіретін қызық та қиын сәттер және әр сағат, әр минутты кәсіп ауаны­на арнай алатын үлкен қажыр-қайрат тұрады. Егер сізден мұндай ерік-жігер мен үлкен әлеует байқалса, әрине, көпке созбай іске кіріскен жөн. Сонымен қатар үлкен іске тәуекел етер алдында қоғамдық тамақтану саласында мол тәжірибесі бар заңгермен, басқа да білікті мамандармен ақылдасып алғанның да артығы болмайды.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03