Көрме • Кеше

«Qazaq content»: өнер уақыт таңдамайды

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ел астанасында «Forte kulanshi art space» галереясында «Qazaq content» атты заманауи өнер көрмесінің ашылуы өтті. Бұл – еліміздегі кәсіби суретшілердің екінші биенналесінің аясында ұйымдастырылған ерекше мәдени оқиға. Көрменің кураторы – өнертанушы, «Құланшы» қазіргі заман өнер орталығының жетекшісі Лейла Махат.

«Qazaq content»: өнер уақыт таңдамайды

Аталған мәдени жоба алғаш рет 2023 ­жылы дүниеге келген бо­латын. Сол кезде де әр аймақ­тан кел­ген суретшілердің туын­дылары бір алаңда тоғысып, көр­ме үлкен қызығушылық тудырды. Ал биылғы биенналенің ерекшелігі – өңірлердегі талантты авторлардың басын қосу.

«Бұл – біз үшін өте ма­ңыз­ды жоба. «Qazaq Content» көрмесін бір жыл бойы да­йын­­­дадық. Екі жыл бұрын осы атау­мен алғаш рет көрме өт­­кізген едік, онда түрлі сурет­ші­лердің жұмыстарын бірік­тір­дік. Биылғы ерекшелігі – бар­лық өңірлерді аралап, шы­ғар­машылық деңгейі жо­ғары, бірақ ірі галереяларда көр­меге шығу мүмкіндігі шек­теулі суретшілерді арнайы таң­дадық. Бүгін сіздер осы еңбектің нәтижесін көресіздер», деді Лейла Махат.

Көрмеге еліміздің әр өңі­рінен келген бірқатар танымал және дарынды суретшілер қа­тысты. Атап айтсақ, Көкшетау қа­ласынан Наталья Булгакова, Вла­димир Быстрицкий, Дужан Мағзұмов, Ринат Әбенов, сондай-ақ Ақтөбе қаласынан Ильсуяр Казакова, Алматыдан Оралбек Кабоке, Орал қала­сы­нан Табиғат Қожанбаев, Шым­­­кент­тен Ербол Зиябеков, Қы­­зыл­орда қаласынан Оспан Әли бар.

Іс-шара аясында ерекше орын алған жоба – фотограф ­Ос­пан Әлидің «Ğasyr» атты фото­­кеңістігі болды. Бұл – 1 жастан 100 жасқа дейінгі кейіп­керлерді қамтитын, замана мен адамның өзара байланысын көр­сететін ауқымды көркем зерттеу.

Куратор Лейла Махат бұл идеяның қалай туғанын айтып өтті. «Ғасыр» жобасы алғаш ойы­ма ұшақта отырғанда кел­ді. Астанаға келген бойда бұл ­идеяны фотограф Оспан Әлиге айттым. Алғашында ол таңғалды. Бірақ көп ұза­май Қазақстанның түкпір-түк­­пірін аралап, 1 жастан 100 жас­қа дейінгі түрлі жастағы кейіп­керлерді фотообъективке тү­сіруге кірісті», деді ол.

Фотограф Оспан Әли атал­ған серияны жасақтаудың оңай болмағанын тілге тиек етті.

«Бұл жобаны жүзеге асыру оңай болған жоқ. Еліміздің әр өңірінен әртүрлі адамдарды кездестірдім. Олардың әр­қай­сысының өмірге деген көз­қарасы, ішкі күйі – мүлде бөлек. Мұны фотосуреттерден анық байқауға болады. Біз дәл қазір осы ғасырдамыз. Бұл – біздің ға­сырымыз. Бұл адамдар – біздің ұлтымыздың бет-бейнесі», дейді автор.

Жоба дәстүрлі көрме форматымен ғана шектелмей, жасанды интеллект көмегімен арнайы жазылған ән мен цифрлық элементтермен толықтырылды.

 

Жібек БОЛЫСБЕК,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 3-курс студенті 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03