
Бір қызығы, олар тек алға қарай жүреді. Кері қайту керек болса, бұрылып қана қозғалады. Дәл осы ерекшеліктері үшін Аустралия жұрты кенгуру мен түйеқұсты елтаңбаларында бейнелеген. Яғни мемлекеттік нышанда «Біз тек алға қарай жүреміз» деген идея менмұндалап тұр. Бұл – халықтың болашаққа бет бұрып, тоқтауды емес, ілгерілеуді қалайтын ұстанымының айқын көрінісі.