Экология • Кеше

Алматының экологиясы алаңдатады

70 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматының бірегей болмысына кіреуке түсіретін экологиялық жағдайдың өзегі алуан факторға толы. Шамадан тыс көліктің, жосықсыз құрылыстың, ескірген өндірістің, қазба отынның көп жылдар бойы қордаланған теріс әсері жұртшылықты талайдан толғандырып келеді.

Алматының экологиясы алаңдатады

Былтыр экологиялық «IQAir» халықаралық компаниясы жасайтын рейтингке әлемнің 125 ірі қаласымен бірге Алматы тағы да ауасы ең лас қалалар ті­зіміне кірді. 2024 жылы дайын­далған шекті жол бері­ле­тін шығарындылар тура­лы жиынтық баяндамаға сәйкес, қалада зиянды шыға­рын­ды­лар көлемі жылына 189 мың тон­наны құраса, оның ішін­де: ав­токөлікке – 112 мың тон­на (60%); өнеркәсіптік кәсіпорындарға – 52 мың тонна (27,5%); жеке секторға (ЖТҚ және монша) – 21 мың тонна (11%); шағын және орта бизнеске – 1,4 мың тонна (0,74%); құрылыс нысандарына – 1,4 мың тонна (0,76%) тиесілі.

Алматы агломерациясы алдағы онжылдықтарда 7,5–8 млн адамға дейін өсетіні туралы урбанистердің ресми болжамы – түбегейлі шаралар қабылдауға негіз болады. Халықты толғандырған мәселені көтерген депутаттар ауа ластануының негізгі көздерін анықтай отырып, жарты жыл ішінде Ал­матының толық картасын дайын­дау қажеттігін алға тартады. Сонымен қатар көлікті техникалық тексеруді жүзеге асыратын ұйымдарға катализаторлар сатып алуына заң жүзінде тыйым сала отырып, техникалық байқаудың Линден куәліктерін бергені үшін жауапкершілігін қатаңда­ту талап етілді. Келер жылдан бастап мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйым­дарға тек электромобильдер са­тып алуға рұқсат беру, ал Ал­маты әкімдігіне электр қозғалт­қыштары бар қоғамдық көлік­тің үлесін арттыру қажет­тігіне де назар аударылды. Ме­­га­полисте мыңдаған электр көліктерінің пайда болуы заряд­тау үшін тиісті инфра­құры­­лым салу, сонымен қатар, электр энергия­сының жаңа көз­­­дерін іздеу қажеттілігін туды­­­рады. Қалада онсыз да энер­гия тапшылығы және электр желісіне үлкен жүктеме бар.

Алматыда көлік ағынын азайту және қала тұрғындарын қоғамдық көлікті пайдалануға ынталандыру мақсатында 770 газ автобусы мен 115 электр автобусы сатып алынды, бұл қоғамдық көліктің орташа қызмет ету мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Автобус пен троллейбус қоз­ғалысы жаңартылып, жолаушылар ағыны 33%-ға артты. Болашақ жоспарда газ және электр автобустарын көбі­рек сатып алу, қоғамдық кө­лікті субсидиялаудың жаңа тарифтері мен қағидаларын енгізу көзделген.

Биыл қалада экологиялық жобаларға 10,6 млрд теңге бөлу жоспарланған, бұл қаржы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және жайлы қалалық ортаны да­­мытуға бағытталады. 2025-2027 жылдарға арналған бюд­жеттің жобасында қала­ны көгалдандыру, қатты тұр­мыс­­тық қалдықтарды жинау үшін инфрақұрылымды жақ­­­сарту және табиғи объек­ті­лер­ді абаттандыру көздел­ген. Биыл Алматыда бюджет қаражаты есебінен 170 мың көшет отырғызу жоспарлану­да, оның ішінде күзгі отырғызу маусымының басынан бастап 110 мыңнан астамы отырғы­зылды, бұл бір қала тұрғынына жасыл екпелердің ауданын 12,5-тен 12,8 шаршы метрге дейін ұлғайтуға көмектеседі.

Сонымен қатар осы жылы қатты тұрмыстық қалдық­тарды жинау жүйесін жаңар­ту жалғасады. Қалада терең­детілген үлгідегі 2 мыңнан астам контейнерлік алаң салына­ды, бұл қаланың санитарлық жағдайын жақсартады. Бұдан басқа, Іле ауданында болашақта қалдықтарды кәдеге жарату мәселелерін тиімді шешуге көмектесетін жаңа полигонның жобасы әзірленіп жатыр. Үлкен Ал­маты және Қарғалы сияқты өзен арналарын қайта құру, сондай-ақ «Сайран» су қойма­сын абаттандыру жобалары табиғи экожүйелерді қал­пына келтіруге және қала тұрғын­дарының демалуы үшін жаңа экологиялық таза аймақтарды құруға арналған.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03