
Фото: almaty_police_department, инстаграм
Әдетте, алаяқтар өздерін логист немесе тасымалдаушы ретінде таныстырып, өз қызметтерін ұсынып, алдын ала төлем алған соң, байланысты үзіп кетеді.
Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы Талант Исаевтың айтуынша кәсіпкерлердің сенімін пайдаланатын тұрақты тізбек бар.
«Көбіне қаскөйлер танымал хабарландыру сайттары арқылы байланысқа шығып, жалған қызметтер ұсынады. Азаматтарды сақ болуға шақырамыз: бейтаныс адамдарға тексерусіз ақша аудармаңыздар, тасымалдаушылардың беделін мұқият тексеріп, тек ресми тіркелген компаниялармен келісімшарт жасаңыздар», деді Т.Исаев.
Осы орайда полиция кеңес береді:
1. Құқықтық түрде рәсімделген келісімшартсыз алдын ала төлем жасамаңыз.
2. Қарсы тараптың телефон нөмірін, ЖСН/БСН, интернеттегі пікірлерді тексеріңіз.
3. Тексеруден өткен, қауіпсіз төлем жүйесі бар платформаларды қолданыңыз.
4. Күмән туған жағдайда, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне жүгініңіз.