
Марка композитордың 95 жылдық мерейтойына орай шығарылып, Ш.Қалдаяқовтың өз дәуіріндегі көрнекті музыкант ретіндегі айрықша рөлін айқындайды. Жобаның авторы және марка дизайны тұжырымдамасының идея негізін ұсынған – қордың атқарушы директоры Ботагөз Қалдаяқова. Пошта маркасының дизайнері – Рауан Абайқызы Хайролла.
«Пошта қызметі» филиалының пошта төлем белгілері басқармасының бастығы Айжан Каримханқызы Омарованың айтуынша: «Марка шектеулі таралыммен шығарылған, оны еркін сатылымнан табу оңай емес. Филателистер арасында бұл марканың сирек кездесетін құнды дүние ретінде жоғары бағаланатыны сөзсіз».
2025 жылы қор композитордың мерейтойына орай бірнеше маңызды іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Солардың бірі де бірегейі, ұлттық музыка мәдениетін дамытуда маңызды рөл атқарған талантты композиторға арналған туған пошта маркасының жарыққа шығуы.
АЛМАТЫ