Ғалам ғажаптары • 06 Маусым, 2025

Пайдалы пластик

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күн сайын теңіз жағалауларынан табылатын пластик бөтелке­лер мен пакеттер – адамзаттың ең өзекті экологиялық мәселелері­нің біріне айналды. Осыған байланысты жапон ғалымдары бір са­ғатта еріп кететін пластик жасап шығарды.

Пайдалы пластик

Бұл материал тұзбен әрекеттескенде зиянсыз компоненттерге ыдырайды. Жоба әлі коммерциялық іске асырылмағанымен, өнеркәсіптер үлкен қызығушылық тудырып отыр. «Біздің балаларымыз қандай ғаламшарда өмір сүретіні біздің бүгінгі әрекетімізге байланысты. Біз оларға таза әрі қауіпсіз орта қалдыруға тиіспіз», дейді жобаның жетекшісі Такудзо Аида. Оның айтуынша, бұл пластикті азық-түлік орамаларында, бір реттік ыдыстарда, тіпті дәрі-дәрмек саласында да қолдануға болады.