Ғалам ғажаптары • 06 Маусым, 2025

Ауадан бензин жасаған

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тағы «Aircela» атты отын өндіруші стартап ауадан тікелей бензин өндіретін құрылғы ойлап тапты.

Ауадан бензин жасаған

Жаңа құрылғы ауадан көмірқышқыл газын (CO₂) тартып алып, оны бірден бензинге айналдырады. Бұл үдеріс ешқандай қазба отынын қажет етпейді. «Aircela» өндіретін бензин сапасы АИ-95 маркасынан да жоғары деп бағаланып отыр. Оны кез келген жеңіл автокөлікке еш өзгеріссіз қолдануға болады.