Оқиға • 06 Маусым, 2025

Құлсарыда жоғалған 8 жасар қыз бала өлі табылды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы, Құлсары қаласында қайғылы оқиға орын алды. 5 маусым күні күндіз, сағат 12-нің шамасында үйден шығып кетіп қайта оралмаған қыз баланың денесі 6-на қараған түнде  Құрсай каналынан табылған, деп жазады Egemen.kz Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құлсарыда жоғалған 8 жасар қыз бала өлі табылды

Фото: atyrauoil.official

Қыз баланың ата-анасы кешкі сағат 21:28-де полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілгенімен, өкінішке орай жасөспірім өлі күйінде табылған.

Кісі өлтіру күдігімен Кұлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны жедел түрде ұсталды. Ол  сот санкциясымен қамауға алынды. 

«Мұндай ауыр қылмыс  үшін ең қатаң жаза қарастырылады. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшысының бақылауына алынды», делінген хабарламада.

Қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін – Ұлттық ұлан күні

Әскер • Бүгін, 10:43

Жасанды интеллект құрылысқа жат емес

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:55

Әскер беделі – ел беделі

Әскер • Бүгін, 09:45

Қайырымды азаматтардың демеуі

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Егінді «AgroSky» бақылайды

Технология • Бүгін, 09:35

Сингулярлық кезең

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

ЖИ-ді қолдану қауіпсіз бе?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:20

«Шыны мақтадан» табыс тапқан

Өндіріс • Бүгін, 09:15