Қоғам • Бүгін, 08:10

Тұлғаларды танытқан жан

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласындағы №5 балалар кітапханасында бел­гілі журналист, «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет қай­раткері Ғалия Балтабайдың «Тұлғалар – асыл жандар» кітабының тұсаукесері өтті. Тағылымды жиынға қаламгер-журналистер, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Тұлғаларды танытқан жан

Бұл еңбек – автордың бұрын жарық көр­ген «Тұлғалар – ға­жап жандар» атты кітабының жалғасы. Мұнда ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан қайрат-кер азаматтардың кі­сілік келбеті, дегдар болмысы хақында баяндалады.

Тұсаукесер рәсімінде сөз алған бірқатар зиялы қауым өкілдері Ғалия Балтабайдың қалам қарымын, журналист ретіндегі дара жолын ерекше атап өтті.

«Бұл еңбек – жай ғана ес­телік емес, келер ұрпаққа бағдар болатын құнды дү­ние. 500 беттен асатын осы кітапта жастарға үлгі бо­ларлық тұлғалар молынан қамтылған. Ғалия апайдың ел үшін жасаған еңбегі тек журналистикамен шектелмейді. Ол – ұлт мүддесін алдыңғы орынға қойған шынайы қоғам қайраткері. Қазақ қызы ретінде елге сіңіріп жүрген қызметі – екінің бірінің қо­лынан келе бермейтін іс. Өзі де, жазған кейіпкерлері де – ұлтқа шын жанашыр жандар. Мұндай рухани еңбектерді елге жеткізіп, жария еткен авторға алғыс білдіремін», деді Парламент Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы.

Жиын барысында Ға­лия Құсайын­қызы жи­нал­ған жұртшылыққа шынайы ризашылығын біл­діріп, жылы лебізін жет­кізді. Сонымен қатар жаңа еңбек­тің жазылу барысы туралы да қысқаша әңгі­ме­леп өтті.

«Тұлға басқа адамдарға ұқсамайды. Олар­дың өмірге деген көзқарасы ерекше. Ондай жандар көптің бірі емес. Осындай жандар қазіргі қоғамға керек. Сол себепті ілгерідегі және өзім көрген, мойындаған тұл­ғалардың ғибратты ғұ­мырын қағазға түсіруді мақ­сат еттім. Кітапқа енген­дердің біразы кезінде газет-журналдарға шыққан ма­қала­лармен қоса, жаңадан жазылған дү­ниелер. Солар әр жерде шашылып қал­ма­сын деп бір кітапқа топ­тас­тырған едім», дейді Ғалия Балтабай.

Соңғы жаңалықтар

Қала қоқыс полигоны ма?

Экология • Кеше