
Кешкі уақытта күннің қызарып батуы – табиғи құбылыс. Бұл күн сәулесінің атмосфера арқылы өтетін жолы ұзарған кезде жарық толқындарының әртүрлі шашырауынан болады. Қысқа толқынды көк жарық молекулалармен шашырап кетеді, ал ұзын толқынды қызғылт және қызыл жарық көзімізге түсі қызғылт сары болып көрінеді. Ғылымда бұл құбылыс «Рэлей шашырауы» деп аталады. Оны ағылшын ғалымы Лорд Джон Уильям Стратт ашқан.
Дайындаған –
Зере ӘЛІБЕКҚЫЗЫ,
ЕҰУ-дың 3-курс студенті