Үкімет • Кеше

«Славян базары» фестиваліне қатысады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақс­тан­дағы Беларусь Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Төтен­ше және өкілет­ті елшісі Алексей Богдановпен кездесті.

«Славян базары» фестиваліне қатысады

Отырыс барысында Аида Балаева мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы жоспарлар туралы келісіп, бұл шаралар өзара байланысты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесуде тараптар алдағы бірлескен іс-шараларды талқылады. Атап айтқанда, елімізде Беларусь мәдениетінің күндерін өткізу туралы бастама көтерілді. Аида Балаева бұл іс-шараның аясын кеңейтіп, дәстүрлі концерттер мен көрмелерден бөлек, шеберлік сабақтарын, шығармашылық кездесулерді, ғылыми конференцияларды, мәдениет саласындағы өзара байланыстың өзге де түрлерін қамтуды ұсынды.

Сонымен қатар, «Лістапад» кинофестивалі аясында Қазақ­стан киносының күндері өтеді. Қазіргі уақытта іс-шараны өткізуге қатысты мәселелер мен көрсетілетін фильмдердің тізімі нақтыланып жатыр. Бұдан бөлек, 10-11 шілде күндері Витебск қаласында өтетін халықаралық «Славян базары» фестиваліне де қазақстандық өнерпаздар қатысады.

Кездесу соңында Аида Балаева Қазақстан тарапы екі елдің музей, театр мен архив қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ бірлескен киноөндіріс пен концерттік жобаларды дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Тараптар бірлескен іс-шараларды үйлестіру мақ­сатында жұмыс тобын құруға уағдаласты. Кездесу қатысу­шы­ларының пікірінше, бұл бастамалар Қазақстан мен Беларусь елдері арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайта түспек.