Оқиға • 11 Маусым, 2025

Енді ХҚКО-дағы кезектерді онлайн бақылауға болады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезектерді нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін жаңа цифрлық қызмет іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді ХҚКО-дағы кезектерді онлайн бақылауға болады

Фото: Ашық дереккөз

Қазіргі уақытта «ХҚКО» мобильді қосымшасы мен бірқатар навигациялық сервистерде цифрлық таблоны енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жүйе азаматтарға нақты уақытта әрбір бөлімшенің жүктемесін көруге, сапарларын тиімді жоспарлауға және бос филиалдарды таңдауға мүмкіндік береді. Қызмет маусым айының ішінде іске қосылады деп жоспарланған.

Мемлекеттік корпорация таратқан мәліметке сәйкес, бұл бастама ХҚКО-дағы келушілер легін реттеуге, ең көп жүктемелі сағаттарда кезекті азайтуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

«Бұл жаңашылдық азаматтардың уақытын үнемдеуге, ыңғайлы қызмет алуына және орталықтардың жұмысын оңтайландыруға септігін тигізеді. Болашақта мұндай тәсіл кезектерді азайтып, мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін жеңілдетеді», делінген ресми хабарламада.