Заң • 11 Маусым, 2025

Жамбыл облысында Экология департаментінің басшысы сотталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Т.Смағұлов, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС Бас директорының орынбасары Б.Полатбеков және осы кәсіпорынның экологы М. Асан сотқа тартылды, деп жазады Egemen.kz.

Жамбыл облысында Экология департаментінің басшысы сотталды

Фото: Антикор

Тараз қалалық сотының шешімімен Т. Смағұлов пара алғаны үшін, ал зауыт өкілдері жалпы қамқорлығы және пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Айыпталушыларға жалпы сомасы 24 млн теңге айыппұл салынды.

Бұдан бөлек, олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылады.