
фото: gov.kz
Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін ауа райының тыныш, тұманды немесе желсіз сәттері. Мұндай кезде ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.
Синоптиктер метеожағдайлардың қолайсыз болуын желдің әлсіздігі, жауын-шашынның аздығы мен ауа температурасының төмендеуі сияқты факторлармен байланыстырады.