Оқиға • Кеше

Қызылордалық полицейлер жоғалған жасөспірімдерді жедел тапты

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауласында ойнап жүрген балаларынан көз жазып қалған қала тұрғыны полицияға арызданыпты. Осыдан кейін қалалық полиция басқармасының жеке құрамына бағыт-бағдар беріліп, іздестіру жұмыстары жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордалық полицейлер жоғалған жасөспірімдерді жедел тапты

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған жасөспірімдерді қала ішінен тапқан полицейлер оларды ата-анасына тапсырды. Кейін белгілі болғанда ойынға беріліп кеткен балалар үйлерінен ұзап кеткенін аңғармай да қалыпты. 

«Хабарлама алған бойда полицейлер дереу іздестіруге кірісіп, балаларымды жедел тауып берді. Оларға шын жүректен алғысымды білдіремін», дейді жасөспірімдердің анасы.