Экономика • Кеше

Мұнай бағасы өсті

70 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Brent маркалы мұнайдың бағасы Лондондағы ICE биржасында 4 сәуірден бері алғаш рет бір баррель үшін 70 доллардан асты. Бағадағы өзгеріске АҚШ пен Қытай арасындағы келіссөздердің нәтижесі себеп болды, деп жазады Egemen.kz.

Мұнай бағасы өсті

фото: ашық дереккөз

Сарапшылардың айтуынша, қосымша фактор ретінде АҚШ-тағы инфляциялық көрсеткіштер де әсер еткен. АҚШ акциялар нарығы минусқа кетті. Инвесторлар таяудағы нарықтық өсімнің тұрақтылығына күмәндана бастады. S&P 500 индексі алты күндік өсуді тоқтатты, Nasdaq үш сессияда алғашқы төмендеуді көрсетті, ал Dow үш күндік өсуді аяқтады. Нарық федералдық бюджет пен қазынаның тапшылығы төңірегіндегі ахуалдың дамуын қадағалауды жалғастыруда.

Мамыр айында тұтыну бағаларының индексі жылдық есеппен 2,4%-ға өсті. Сонымен қатар, АҚШ Энергетика министрлігі 11 маусымда коммерциялық мұнай қорының бір апта ішінде 3,64 миллион баррельге азайғанын хабарлады.

Қазақстан үшін, мұнай экспорттаушы ел ретінде, мұнай бағасының өсуі – жай ғана жақсы жаңалық емес, стратегиялық артықшылық екені белгілі. 2025 жылға арналған бюджетте мұнайдың есептік бағасы бір баррель үшін 75 доллар деңгейінде белгіленген.

Экономист-қаржыгер Алмас Чукиннің айтуында мұнай бағасының  1 долларға төмендеуі елдің қаржылық жағдайына айтарлықтай әсер етеді және бұл теріс  өзгерістердің салдары қазіргіден әлдеқайда ауыр болуы мүмкін. Керісінше,  1 долларға көтерілуі  бюджетке миллиондармен есептелетін қосымша кіріс.

Дегенмен, биржада 9 маусымнан бастап WTI баға белгілеулері барреліне 65 доллардан жоғары көтерілді, бірақ салаға ықпал ету үшін олар онда біраз уақыт кешігуі тиіс. Сарапшылар мен нарық қатысушылары мұнай бағасының айтарлықтай өсуін әзірге күтудің қажеті жоқ деген пікірде.