Қоғам • Бүгін, 12:16

Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың денсаулығы күрт нашарлап, ауруханада жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр

Бұл туралы әлеуметтік желіде Мұхтар Шаханов атындағы қордың төрағасы Нұржігіт Ысқақ мәлімдеді.

«Халқымыздың Қаһарман ақыны, әрі жазушысы, ұлт үшін жанын аямай тер төккен азаматы Мұхтар Шахановты білмейтін қазақ кем де, кем! Тек қана қазақ қана емес, бүкіл түркі әлемін де мойындатқаны өтірік емес. Кеңестік жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кезінің өзінде басын бәйгеге тігіп, Кремльдің төрінде Желтоқсан оқиғасын әлемге паш еткенінің өзі не тұрады! Айтар болсақ ол кісінің елге жасаған қызметін санап тауыса алмаспыз.

Қазір көкеміз 84 жасқа келді. Бірақ, денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінде жатыр. Ендеше, Құрметті халайық! Көкеміздің тез сауығып, ортамызға оралуы үшін дұға жасап қояйық!», деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар