Спорт • Кеше

«Атырау» ФК екі легионермен келісімшартты бұзды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шетелдік ойыншылармен жасалған келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атырау» ФК екі легионермен келісімшартты бұзды

Легионерлер команданың қорғаныс шебінде ойнаған. Екеуі де – Грузия Республикасының азаматы.

«Өзара келісімге сәйкес «Атырау» футбол клубынан грузиялық қорғаушылар Гиорги Гадрани мен Гиа Чадунелидің кететінін ресми хабарлаймыз. Ойыншылармен келісімшарт екіжақты түсіністік шеңберінде бұзылды. Командаға қосқан үлесі үшін аталған ойыншыларға алғыс білдіре отырып, алдағы мансабына табыс тілейміз», деп хабарлады футбол клубының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар