
«Си Цзиньпиннің сүйікті қанатты сөздері» циклі (халықаралық нұсқасы) Қытай көшбасшысы халықаралық ынтымақтастық, ғылыми-технологиялық даму, мәдени инновациялар және басқа тақырыптардағы сөйлеген сөздерінде, мақалалары мен әңгімелерінде ежелгі қытай поэтикалық және прозалық шығармаларынан мұқият таңдап қолданған әйгілі нақылдардан тұрады. Ол Орталық Азия көрермендерін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің мемлекетті басқару туралы идеяларының тарихи және мәдени астарымен таныстыруға, сондай-ақ қытай стиліндегі жаңғыртудың әртүрлі қырларын көрсетуге арналған.
Си Цзиньпиннің сүйікті қанатты сөздері – Си Цзиньпиннің жаңа дәуірдегі қытайлық ерекшелігі бар социализм идеялары мен қытайдың ғажайып дәстүрлі мәдениетінің үйлесуі, қытай даналығын, қытай күш-қуатын және қытай стилін заманауи жүзеге асыру көрінісі. Терең мағына қарапайым тілмен түсіндіріледі. Олардың негізінде құрылған орасан зор, бәрін жан-жақты қамтыған, ашық және инклюзивті жүйе жаһандық мәселелерді шешудің рухани қайнар көзі мен тұжырымдамалық идеясы бола алады.
«Си Цзиньпиннің сүйікті қанатты сөздерін» (халықаралық нұсқасын) Қазақстанның «Silk Way» халықаралық телеарнасы, «Хабар» телеарнасы, «Atameken Business» телеарнасы, «Деловой Казахстан» басылымының сайты, Қырғызстанның Ұлттық телерадио хабарларын тарату корпорациясы, Тәжікстанның «Джахоннамо» мемлекеттік ақпараттық және қоғамдық телеарнасы мен «Ховар» Ұлттық ақпарат агенттігінің сайты, Түрікменстан жаңалықтар порталы, Өзбекстанның «Yoshlar» телеарнасы, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің басқа да медиаплатформалары көрсетеді. Осы елдердің әртүрлі қоғамдық топтарының өкілдері ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің аталған циклде қамтылған мемлекеттік басқару туралы идеялары өңірлік дамуға және Қытай мен Орталық Азияның тағдыры ортақ қоғамдастығын бірлесіп құру ісіне соны серпін беретініне сенім білдірді.