Президент • Бүгін, 13:55

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға келді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай көшбасшысын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайынан күтіп алды, деп жазады Egemen.kz.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға  келді

Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті.

қазақ қытай

Айта кетейік, Си Цзиньпин мінген бортты Астанаға дейін еліміздің әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді.

Артынша балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, қадірлі қонаққа ілтипат танытты. 

қытай

Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін биледі.