Спорт • Кеше

Спортшылар осы аптада 8 халықаралық жарысқа қатысады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жарыстар кестесі сала министрлігінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.

Спортшылар осы аптада 8 халықаралық жарысқа қатысады

Фото: Turizm jane sport ministrligi

16-23 маусымда Индонезия Нуса Дуа қаласында cемсерлесуден Азия чемпионатына ел құрамасынан 23 спортшы қатысады.

16-23 күндері көркем гимнастикадан юниорлар арасындағы әлем чемпионатында (София қаласы, Болгария) 7 отандасымыз бақ сынайды.

16-24 маусымда жағажай волейболынан Таиланд Рой-Эт қаласында Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы да қатысады.

18-19 күндері күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты (Вунгтау қаласы, Вьетнам) ел намысын 30 палуан қорғайды.

18-21 маусымда спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы Әлем кубогі кезеңіне отандық 6 гимнаст қатысады. Дода – Ташкент қаласында өтеді.

18-26 күндері пара пауэрлифтингтен Әлем кубогінде Қазақстаннан 10 спортшы сайысады. Байрақты бәсеке Қытайдың бас шаһары Бейжіңде өтеді.

20-21 маусымда Германия Котбус қаласында велотрек турнирінде 4 велошабандозымыз жарысады.

21-22 күндері Ташкентте жеңіл атлетика турниріне Қазақстан құрамасынан 2 спортшы қатысады.