
Фото: ҚР Көлік министрлігі
Аталған құжат бойынша Астананы елдің батыс өңірлерімен жалғайтын стратегиялық маңызы бар «Орталық– Батыс» жобасын бірлесе іске асыру көзделген.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған «Орталық-Батыс» жобасы – Қазақстанның көлік саласындағы басты бастамаларының бірі, жоба – өңірлер арасындағы байланысты күшейтіп, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамытуға бағытталған.
Бұған дейін тараптар мамыр айында Қытайда келіссөз өткізіп, ынтымақтастық пен жобаны бірлесе іске асыру шарттарын талқылады.