Кеше орталық коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы вице-министрi Ермек Көшербаев баспасөз мәслихатын өткізді. Ол аграрлық саланы қаржыландыруды сауықтыруға байланысты қолға алынған шаралар жөнінде әңгімеледі.
Спикердің айтқанына зер салсақ, ағымдағы жылы қаржылық сауықтыруды жалғастыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агробизнес-2020» бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізіпті. Атап айтқанда, дәл бүгінгі күнде АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелерін сауықтыру сомасын 500 млрд. теңгеге дейін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. «Бағдарламаның негізгі мақсаты, жалпы берешек сомасы 300 млрд. теңгеге тең қаржыны қайтару мерзімін ұзарту болып отыр. Сондай-ақ, АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелерінің пайыздық ставкасын барынша азайтуды көздеп отырмыз. Бүгінде бұл мақсат толық орындалған. Сауықтыруға жататын берешектердің негізгі бөлігі өсімдік шаруашылығына беріліп отыр. Оған көрсетілген қаржының – 86,4, мал шаруашылығы саласына – 2,8, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерге – 5, басқа қызмет түрлеріне 5,6 пайызы тиесілі болып тұр», деді вице-министр.
Спикер АӨК саласындағы проблемалы несиелердің көлемін азайтып, олардың несиелік салмағын төмендету мен банкроттыққа ұшырау қаупін барынша төмендету мақсатында 2013 жылдан бері бірқатар игі шаралар атқарылғанын айтты. Сөйтіп, министрлік АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру тиянақты жүргізіліп келе жатқанын жеткізді. Оған қоса, бағдарламаға ірі агроқұрылымдармен қатар шағын және орта агробизнес өкілдері де қатысатынын білдірді.
Вице-министрдің сөзіне илансақ, қазіргі жұмыс орындарын сақтап қалу мұң болып тұрған кезеңде, агроөнеркәсiп кешенiн қаржылық сауықтыру шарасының арқасында 25 мың жұмыс орны сақталып қалыпты. «Банкроттық – бұл шаруаны жүргiзу түрi. Мұнымен айтпағым, егер кәсiпорын банкрот болса, ол қызметiн тоқтатады деген сөз емес. Бiздiң iрi агрохолдингтер қазiр дәл осындай жағдайда. Бұл ретте қаржылық сауықтыру шаралары осы компанияларға жұмысын әрі қарай жалғастыруға көмектеседi. Нақты айтар болсам, саланы қаржылық сауықтыру 25 мыңға жуық жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкiндiк бердi», дедi Е.Көшербаев.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Иранда контрабандалық жанармай тасымалдаған бес кеме ұсталды
Әлем • Бүгін, 19:56
Қазақстан мен Тәжікстан одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған заңды ратификациялады
Президент • Бүгін, 19:10
Болашаққа қадам: №87 мектепте «Profi Day» жәрмеңкесі өтті
Білім • Бүгін, 19:01
Олжас Бектенов: барлық инвестициялық жобалар бірыңғай цифрлық контурда шоғырландырылады
Үкімет • Бүгін, 18:50
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Бүгін, 18:35
Өскемендегі жарылыс: Астанадан дәрігерлер көмекке барады
Оқиға • Бүгін, 18:31
Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16