
Өз сөзінде Мемлекет басшысының стратегиялық тапсырмаларын іске асыру аясында қолға алынған нақты қадамдарға тоқталды. 2021 жылы қабылданған «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында ішкі нарықтағы тауар өндірушілерге шикізат қолжетімділігі артты. Атап айтқанда, отандық кәсіпорындар Лондон металл биржасы бағасынан 5% төмен бағада шикізат алуға мүмкіндік алды.
Ішкі тауар өндірушілерді шикізатпен қамтамасыз ету бойынша қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде 30 жоба бойынша айтарлықтай дайын өнім шығару көлемі ұлғайды.
2024 жылы бастапқы алюминийді қайта өңдеу 2 есеге артып, 57 мың тоннаны құрады. Ағымдағы жылы отандық кәсіпорындармен келісімшарттарға қол қоюдың нәтижесінде алюминийді қайта өңдеу көрсеткішін 93 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда. 2029 жылға қарай алюминийді қайта өңдеуді 163 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отыр.
Мыс өңдеу бойынша:
- 2024 жылы мыс өңдеу көлемі 13,2 мың тоннаны құрап, 2029 жылға дейін 91 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланды;
- 16 отандық кәсіпорын мыс шикізатымен қамтамасыз етілді;
- Мыс сымдар мен трансформатор бөлшектері өндірісі 31%-ға, ал катанка және илем өндірісі 29%-ға өседі деп күтіледі.
Мырыш өңдеу бойынша:
- 2024 жылы мырышты ішкі өңдеу 3,6 мың тоннаға жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 55%-ға артты;
- Мырыш негізінде есік-терезе фурнитурасы, жол қоршаулары және басқа өнім түрлерінің өндірісі едәуір артпақ.
Қорғасын бойынша:
- Биыл «Кайнар АКБ» ЖШС аккумулятор өндірісі үшін 36 мың тонна қорғасынмен, ал «Asma Industrial» ЖШС 41 мың тонна көлемінде қамтамасыз етіледі.
Мемлекет басшысының отандық өнеркәсіптерді отандық шикізатпен қамтамасыз ету тапсырмасы жүйелі әрі қарқынды орындалып жатыр. Бұл шаралар ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.