
Фото: Ашық дереккөз
Аймақ әкімінің хабарлауынша, бұл аймақтар бизнесті дамытуға, жаңа өндірістерді ашуға және тұрғындарды жұмыспен қамтуға серпін береді.
Сонымен қатар моноқалаларды қолдау мақсатында жалпы құны 218 млрд теңге болатын 22 жоба жүзеге асырылады. Бұл бастамалар:
- Жер телімдерін беруді;
- Инженерлік инфрақұрылымды дамытуды;
- 1 000-ға жуық жаңа жұмыс орнын ашуды қамтиды.
«Теміртауда өнеркәсіп инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылады, онда «Қармет Сервис» базасында ауданы 20 мың м2 өнеркәсіптік аймақ құру жоспарлануда. Бұл бастама өндірістік қуатты кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған», деді Ермағанбет Бөлекпаев.