Егемен Қазақстан • Бүгін, 08:00

«Егемен» тілшісі – чемпион!

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шу ауданының айнасы «Шу өңірі» газетінің 90 жылдық мерейтойына орай бильярдтан БАҚ өкілдері арасында турнир ұйымдастырылды. Додаға отызға жуық журналист қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды.

«Егемен» тілшісі –  чемпион!

Ақпарат айдынындағы 90 жылдығын тойлаған басы­лымның мерейтойына орай ұым­дастырылған турнирде рес­публикалық «Egemen Qazaq­stan» газетінің Жамбыл облы­сын­дағы меншікті тілшісі, БАҚ өкіл­дері арасындағы бәсекелердің бірне­ше дүркін чемпионы Табиғат Мұсыл­ман­құл жеңістің биік тұғырынан көрінді.

Турнир барысында 6 кездесу өткізген әріптесіміз қарсыластарының барлығынан айласын асырып, жарыс жеңімпазы атанды. Ал екінші орын «Астана» телеарнасының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Берік Жұмабайұлына бұйырса, үздік ү­ш­тік­ті қордайлық Нұрболат Сатымқұл тү­йіндеді.

Салтанатты іс-шарада бильярд турнирінің жеңімпаздарымен бірге «Шуақты Шу өңірім – құт мекенім» тақырыбында өткен шығармашылық байқаудың жеңімпаздары мен жүлде­герлері де марапатталды. Сондай-ақ жергілікті қаламгерлер марқұм Әлди­хан Қалдыбаевтың және ақын Бақыт Исаеваның өмір жолынан сыр шертетін жаңа жинақтардың таныстырылымы өткізілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер­ге қар­жылай сыйлықты табыстаған аудан әкімі Ба­қытжан Жәнібековтің айтуынша, мұн­дай игі іс-шаралар алдағы уақытта да жал­ғасын таппақ.

«Жергілікті басылымның мерейтойын жоғары деңгейде өткізуге аудан басшысы айрықша қолдау көрсеткенін айта кеткен жөн» дейді «Шу өңірі» газетінің бас редакторы Ерғали Қартайған.

 

Есен ӨТЕУЛІ,

журналист

 

Жамбыл облысы,

Шу ауданы